WorldSkills Pavlodar 2025 өңірлік кәсіби шеберлік байқауы аясында біздің колледж студенттері-Сағындық Алижан мен Бекмұханбет Бекжан «Жөндеу-механикалық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша жарыстарға қатысты.

Жарыс Павлодар химия-механикалық колледжінің базасында өтті, онда қатысушылар өздерінің практикалық дағдыларын, техникалық ойлауын және кәсіби дайындықтарын көрсетті.

Біз балаларымызды мақтан тұтамыз және оларға жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!