



WorldSkills Pavlodar 2025 өңірлік кәсіби шеберлік байқауы аясында біздің колледж студенті Аманов Арафат Ақсу қара металлургия колледжінің базасында өткен «еңбекті қорғау» құзыреттілігі бойынша жарысқа қатысты.
Чемпионатқа Павлодар облысының 7 колледжінен 7 қатысушы қатысты. Олардың әрқайсысы жоғары дайындық деңгейін, өз қабілеттеріне деген сенімділікті және еңбекті қорғау саласындағы тамаша білімдерін көрсетті.
Еңбекті қорғау тек нормативтік құжаттар мен ережелерді білуді ғана емес, сонымен қатар өндірістегі қауіпсіздікке байланысты нақты жағдайларда әрекет етуді де қамтиды.
Чемпионат аясында қатысушылар бірнеше кезеңнен өтті:
— Еңбекті қорғаудың әртүрлі аспектілерін қамтитын теориялық тапсырмаларды орындау;
— Алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдана отырып, өртті сөндіру сияқты практикалық дағдыларды пысықтау;
— Штаттан тыс жағдайда нақты және сауатты іс-әрекеттерді көрсете отырып, Жәбірленушіге алғашқы көмек көрсету.