





WorldSkills Pavlodar 2025 аймақтық кәсіби шеберлік байқауы аясында біздің колледж студенті Артемьев Артем «жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету»құзыреттілігінде өзінің кәсіби дағдыларын көрсетті. Байқау Павлодар техникалық сервис колледжінің базасында өтті.
Жарысқа аймақтың әртүрлі колледждерінен 13 студент қатысып, үздік нәтижелер мен жоғары біліктілік көрсетті. Біз Артемнің жетістіктерін мақтан тұтамыз және оған кәсіби шеберлікке жету жолында одан әрі табыстар тілейміз!