




2025 жылғы 15–16-мамыр күндері (Семей қ.) М.Әуезов ат. педагогикалық колледжінде колледж кітапханашыларына арналған республикалық «Кітап шаhары 2025» семинары өтті.
Аталған шараға біздің колледж атынан кітапханашы М.К.Акощева қатысты.
Семинарда кітапханалардың дамуына қатысты маңызды мәселелер: цифрландыру, кітап қорының жаңартылуы, білім берудегі рөлі талқыланды.
📖 16-мамыр күні студенттердің қатысуымен Газиза Құдайбергенқызының «Кітапханашының күнделігі» атты кітабының тұсаукесері өтті.
🎯 Мақсаты — кітапты насихаттау және оқырман мәдениетін дамыту.