10-сәуірде Тереңкөл ауданына кәсіптік бағдар беру сапары өтті!

ҒӘЖ жөніндегі басшының орынбасары м.а. А.К.Толеуова оқытушылар И.Е.Оспанова, А.С.Шонбаева және М.О.Байгабуловпен бірлесіп 9-сынып оқушылары арасында ауқымды жұмыс жүргізді.

Қызылтан, Байқоңыс, Песчанное, Тереңкөл, Береговое ауылдарындағы мектептерде, жалпы барлығы 9 мектепте болды!

Болашақ түлектермен үлкен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Балаларға колледж туралы бейнеролик көрсетілді, мамандықтар, қабылдау шарттары және студенттер үшін мүмкіндіктер туралы айтылды. Оқушылармен жеке әңгімелер де, бүкіл сыныптармен жалпы кездесулер де өтті, мамандық таңдау бойынша талқылау өткізілді.