7 сәуірде «№ 4 ОМИ» КММ-де кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті, оған бітіруші сынып оқушылары ата-аналарымен және біздің түлектерді оқытуға қабылдайтын колледждердің өкілдері шақырылды.
Педагогтар мен студенттер Павлодар монтаж колледжінде «ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» (Еуро өңдеу шебері) және Павлодар технологиялық колледжінде «тамақ өнімдерін өндіру технологиясы» (тамақтандыруды ұйымдастыру) мамандықтары туралы айтып берді.
Оқу орындарының қызметкерлері мамандықтар бойынша балалармен мазмұнды әңгіме өткізді, колледж өмірі, білім алушылардың жетістіктері, өткізілетін бос уақыт іс-шаралары туралы презентациялар көрсетті, болашақ мамандықтардың мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Түлектерімізге дұрыс таңдау жасап, одан әрі табысты өмір сүру үшін жақсы мамандық алуларыңызды тілейміз.