





2025 жылғы 26 ақпанда №18 ЖОББМ КММ-де колледжіміздің педагог-психологі — Сенникова Т.В. колледж студенттерімен бірлесіп ұйымдастырған кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Іс — шараға СЭЗС 34-22 тобының студенті — Росихин И, сондай-ақ ТОРА 25-23 тобының студенті — Соколов С қатысты.
Балалар оқушыларға кәсіптік білім берудің келешегі туралы айтып, колледждегі оқу тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ мамандықтары туралы айтып берді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушыларға өз қызығушылықтарын жақсы түсінуге және кәсіби өмірде дұрыс жолды таңдауға көмектеседі.