2025 жылдың 2 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Павлодар монтаждау колледжінің 1 курс студенттері үшін «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысы – миллиондаған адам үшін сынақ болған тарихтағы ең қасіретті де қаһармандық беттердің бірі. Майданда және тылда жасалған ерліктер қайсарлықты, қаһармандық пен Отанға деген сүйіспеншілікті бейнелейді. Көрмеде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен батырлары туралы кітаптар, Б.Момышұлы, Ғ.Мүсірепов, М.Шолохов, Қ.Исабаев, Қ.Қайсенов, Б.Васильев, Ю. Бондарев.
Көрменің басты мақсаты – оқырмандарды Ұлы Отан соғысы оқиғалары, соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы ақпараттандыру, өскелең ұрпақтың бойында мақтаныш, борыш, патриоттық сезімді тәрбиелеу.