Қауіпсіздік мәселелері бойынша әңгімелесуді полиция қызметкерлері жүргізді.
2024 жылғы 16 қазанда жатақханада аға жедел уәкіл, полиция аға лейтенанты А.Ж. Арыстанов және учаскелік инспектор, полиция лейтенанты Д.С. Мұхтар ұйымдастырған әңгімелесу өтті.
Іс-шара барысында маңызды тақырыптар талқыланды: ұрлық, алаяқтық, бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтар. Полицейлер мұндай әрекеттердің салдары туралы айтып, заңды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Әңгімелесуге қатысушылар қауіпсіздік және алаяқтардан қорғану бойынша құнды кеңестер алды.