2023 жылдың 1 қазанында Павлодар монтаждау колледжінің оқытушылары А.К. Толеуова мен М.Рахатжан Алматы қаласында өткен «Алматы Марафоны 2023» халықаралық марафонына қатысты. Бұл марафон-Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы. Бұл іс-шараға тек республикадан ғана емес, шетелдіктерден де 15 мыңнан астам адам қатысты. Біздің педагогтар 10 км қашықтыққа қатысып, лайықты жүгірді. Бұл Марафон қайырымдылық мақсаттары аясында да өткізіледі. Қатысқаны үшін әріптестер медальдармен марапатталды. Құттықтаймыз!