Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның
«Павлодар монтаждау колледжі»
Басшысының м. а. — Руслан Галямович Кабдельманов

Колледждің құрылған күні | Пайдалануға беру – 1976 жыл |
Орналасқан жері | ҚР, Павлодар облЫСЫ, 140013 Павлодар қ., Ломов көш., 188 тел./факс: 8(7182) 60-13-52 e-mail profl-9@mail.ru |
Мақсаты | Мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлау: 1114000 «Дәнекерлеу ісі» — 123 адам 0902000 « Электрмен жабдықтау » — 53 адам 1401000 « Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» — 118 адам 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» — 141 адам. |
Жалпы ауданы | Колледждің жалпы ауданы 7847 шаршы метрді құрайды, оның ішінде: — оқу алаңы — 3018,4 ш. м. |
Жобалық қуат | 400 орын |
2024 жылдың 31.10. оқушылар саны | Оқушылар саны 386 адамды құрайды |
Штат саны | Педагог қызметкерлердің барлығы – 58 адам ((53 адам штаттық; 5 адам қоса атқарушы). Жалпы саннан жоғары санатты – 13 адам (22%); бірінші санатты – 9 адам (16%), екінші санатты – 14 адам (24%). |
Кабинеттердің болуы | Теориялық оқытудың 18 кабинеті бар, оның ішінде: 5 арнайы технология кабинеті, 13 – жалпы білім беру, 3 компьютерлік сынып; 7 – оқу-өндірістік шеберхана: электромонтажшылар шеберханасы; құрылыс-әрлеу жұмыстары шеберханасы; монтаждау-дайындау цехы; дәнекерлеу полигоны; автомеханиктер шеберханасы; слесарлық цех – 2. |
Кітапхананың болуы | Кітапхана қоры 30604 дана оқу-әдістемелік және көркем әдебиетті құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 4530 дана. |
Асхананың болуы | 150 орындық асхана |
Жұмысқа орналастыру | 2021 жылы оқуды бітіргендер 64 адамды құрады, оның ішінде: жұмысқа орналастырылды – 41 адам (64%) жоғары оқу орындарында оқиды — 3 адам (4%) колледждерде оқиды — 2 адам (3%) ҚР ӘҚ-не шақырылды — 16 адам (25%) декреттік демалыста — 2 адам (3%) Жұмыспен қамту -100% |
Қос тарапты оқу | Қос тарапты оқыту колледж бойынша «Дәнекерлеу ісі», «Электрмен жабдықтау», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» 4 мамандығы бойынша 105 студентті қамти отырып жүргізіледі. Өңір кәсіпорындарымен шарттар жасалды, оның ішінде: «Қазақстан алюминий» АҚ, «Павлодар металл құрастырылымдары зауыты» ЖШС, «Литон» ЖШС («Ақ жол», «Ақжар», «Акцент» ТБС) сияқты ірі кәсіпорындар |
Ақылы тәжірибе | 2021-2022 оқу жылында «Қазақстан алюминий» АҚ кәсіпорнында 58 студент ақылы тәжірибеден өтеді (2021 ж. 29.10. №РD/АОК/21-3989 шартының жалпы сомасы 7 000 000 теңгені құрайды) |
2021 жылғы жетістіктер | 2021 ж. «Талап» КеАҚ жобалар және әлеуметтік әріптестік басқармасының бастығы Н.Д. Жанарбековтың сапары. 2021 ж. — «WorldSkills Pavlodar-2021» Өңірлік чемпионатында «Сырлау және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша әрлеу құрылыс жұмыстарының жүлделі орындары — медальон. 2021 ж. – Э.Ф. Кабдельманова «Жасыл ел» XVII еңбек маусымындағы «Жасақтың үздік командирі». 2021 ж. — ПМК студенттер тобы Баянауыл табиғи аймағында «Еріктілер мектебі» сессиясына қатысты. 2021 ж. — Н. Давыдов және А. Камзин математикадан халықаралық олимпиададағы бірінші дәрежелі дипломдар. 2021 ж. – А. Зуев конькимен жүгіру спортынан республикалық чемпионатта бірінші орын. 2021 ж. – А. Зуев Германияда конькимен жүгіру спортынан Әлем Кубогында екінші орын. 2021 ж. – А. Зуев қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық құрамаға кірді. 2021 ж. – ұлдар командасы — 1 орын, қыздар командасы — екінші лига колледждері арасында волейболдан ХХХ облыстық спартакиадада 2 орын |
2022 жылға арналған жобалар, оның ішінде коммерцияландырумен | Жұмысшы біліктілігі бойынша кадрларды қайта даярлау жөніндегі оқу орталығын ашу жоспарлануда; «Жас Маман» жобасын іске асыру шеңберінде «Құрылыс» бағыты бойынша құзыреттер орталығын ашу жоспарлануда, 2022 жылғы сәуірде; автомектеп ашу жоспарлануда; 2022 жылдың наурызында мансаптық өсу орталығын ашу жоспарлануда. |
Меморандумдар жасасу | «Қазақстан алюминий» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Павлодар және Павлодар облысының «Құрылысшылар одағының» құрамына «Атамекен» ҰКП бірлесіп кіру туралы меморандум жасасты |
«ПМК» ШЖҚ КМК басшысының м.а. Р.Г. Кабдельманов