
«Тұлғааралық қарым-қатынас негіздері» курсы бойынша сертификаттар табыстау
ҒҚСП 12к-24, ҒҚСП 17к-24 және ҒҚСП 22к-23 топтарының студенттерін «Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы» жобасы аясында өткен «Тұлғааралық қарым-қатынас негіздері» факультатив курсын сәтті аяқтағанымен шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгін сіздердің белсенділіктеріңіздің, жеке дамуға деген ұмтылыстарыңыздың, тек маман ретінде ғана емес, сонымен қатар кемелденген, қарым-қатынасқа қабілетті тұлға ретінде жетілуге талпыныстарыңыздың нышаны ретінде салтанатты түрде сертификаттар табысталды.
Жаңашылдыққа деген ашықтығыңыз бен үйренуге деген ықыластарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Алған білімдеріңіз болашақ мансаптарыңыз бен өмір жолдарыңызда берік негіз болсын!