




2024 жылдың 9 қазанында «Біртұтас тәрбие» білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Павлодар монтаждау колледжі» ШЖҚ КМК біріңші курс студенттеріне: «Тікенді, бірақ сенімді жол: Сәкен Сейфуллинге – 130 жыл» атты кураторлық сағаты өткізілді.
Биыл 15 қазанда қазақ ақыны, драматург және Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толады.
Іс-шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерінің өмірі, шығармашылығымен,поэзиясымен таныстыру, Қазақстан тарихы пәні бойынша танымдық қызығушылықтарын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сәкен Сейфуллиннің шығармалары қашанда халық арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Ол қазақ халқының төл болмысын, Отанға деген сүйіспеншілікті, салт-дәстүрді, ана тілін қастерлеуді, отаншылдық рухын дәріптеп, ата-бабаларымыздың өмірін, өмірдің барлық ауыртпалығын бейнеледі. Студенттер кітап көрмесімен танысты.Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ұстаз Жарая Қ., кітапханашы М.Акошева мазмұнды баяндамалар жасады.