Ағымдағы жылдың 27 қазанында Павлодар монтаждау колледжінің студенттері Ерқанат Әлжан (жетекшісі — А.М.Байбулова ) және Айдос Ердіғалым (М. Рахатжан) С. Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Сұлтанмахмуттың қоңыр күзі» қалалық байқауына қатысты. Біздің студенттер жақсы білім көрсетіп, викторинаның сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ ақынның 9 өлеңін мәнерлеп жатқа айтып берді. Байқау қорытындысы бойынша колледж студенттері «Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Құттықтаймыз!