20.09.2024 жылы жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында полиция майоры А.А. Акимжанов пен полиция капитаны А. Д. Жексенов колледж студенттерімен кездесті. Онда «қорқыту, нашақорлық және жастар қылмысы»тақырыбында әңгіме өткізілді. Тәртіп сақшылары білім алушыларды ҚР Қылмыстық және әкімшілік кодекстерінің баптарымен таныстырды, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін туындайтын жауапкершілік туралы айтты.