Студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беру жастарды жауапты азаматтық мінез-құлыққа дайындауда және өз елін қорғауда шешуші рөл атқарады. Қазан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімі мен «Павлодар монтаждау колледжі»ШЖҚ КМК арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл ынтымақтастық студенттерді әскери-патриоттық қызметке белсенді тартуға бағытталған. Бағдарлама аясында біздің студенттер әскери бөлімге барып, қызмет тәртібімен, әскери техникамен және қару-жарақпен танысты.
Мұндай іс-шаралар жастардың әскери қызмет туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, олардың бойында патриотизм мен өз елі үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Мұндай бастамалар жас ұрпақ пен қарулы күштер арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ Отанымыздың болашақ қорғаушыларын даярлауға көмектесетініне сенімдіміз.
Патриотизм — бұл жай сөз емес. Бұл біз күн сайын жасайтын әрекеттер және өз құндылықтарымыз бен мұраттарымызды қорғауға дайын болу. Өз еліне мақтанышпен қызмет ететін жаңа ұрпақты бірге тәрбиелейік!