


Біздің колледжде бірінші жартыжылдықтың нәтижелері және екінші жартыжылдыққа арналған жоспарлар туралы педагогикалық кеңес өтті Күн тәртібінде 2024-2025 оқу жылының 1 жартыжылдығындағы педагогикалық ұжымның жұмысына, «Біртұтас тәрбие»бағдарламасын іске асыруға қатысты маңызды мәселелер болды, сондай-ақ 2025 жыл Қазақстанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл шешім жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында қабылданды:
1️⃣ №2 педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау нәтижелері туралы.
2️⃣ 1 жартыжылдықтағы білім беру қызметін талдау.
3️⃣ тәрбие жұмысының қорытындысы.
4️⃣ ғылыми-әдістемелік жұмыстың нәтижелері.
5️⃣ мемлекеттік қызметтердің орындалуы туралы есеп.
6️⃣ оқу-өндірістік жұмыстың негізгі қорытындылары
7️⃣ «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру.
Барлық мәселелер колледж басшысының м.а. және Әкімшілігінің баяндамаларымен егжей-тегжейлі баяндалды. Сондай-ақ, әдістемелік бірлестіктер басшыларының 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша есептерін естідік. Бұл педагогикалық кеңес атқарылған жұмысты бағалауда және кемелдікке жету жолындағы келесі қадамдарды жоспарлауда маңызды кезең болды