









Павлодар облысына жұмыс сапары және WorldSkills байқауы аясында біздің колледжге «Talap»КЕАҚ бас менеджері Бекташов Эльнур Махмұтжанұлы келді. Сапар барысында ол біздің оқу-материалдық базамызбен танысып, болашақ мамандарды даярлау шарттарын бағалады.
Біз үшін әрбір студенттің сапалы білім алуы және еңбек нарығының заманауи сын-қатерлеріне дайын болуы маңызды. Эльнур Махмұтжанұлына колледжімізге деген қызығушылығы үшін алғыс айтамыз!