«Павлодар монтаждау колледжінің» ШЖҚ КМК педагог-психологы Т.В.Сенникова Ұлттық ұланның 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшін ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Лудомания» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында ойынға тәуелділіктің себептері мен салдары, сондай-ақ оның алдын алу жолдары талқыланды. Дәрістен кейін өзін-өзі түсіну мен эмоциялық тұрақтылықты дамытуға бағытталған «Бейсаналық не жасырады?» атты тренинг өткізілді.
Іс-шара қатысушылардың психологиялық сауаттылығын арттыруға және өзін-өзі реттеу дағдыларын нығайтуға ықпал етті.