2022 жылдың 8 қарашасында Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің базасында «Болашақ – білімді жастардың қолында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара офлайн және онлайн режимінде өтті. Дөңгелек үстелге облыстық колледждер кітапханаларының мамандары және Б.С.Әлжанова — С.Торайғыров университетінің Бейсембаев атындағы кітапханасыны ғылыми-әдістемелік жұмысының маманы. Барлығы 31 қатысушы болды.
Іс-шараның мақсаты: колледж кітапханашыларының «Оқуға құштар колледжі» жобасын жүзеге асыруда тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, білім беру құзыреттілігін, кітап оқу мәдениетін арттырудың инновациялық әдістерін жетілдіру және студенттердің оқу сауаттылығын және мұғалімдердің белсенділігін арттыру.
Спикерлер: Акошева М.К.- «Павлодар монтаждау колледжі» ШЖҚ КМК кітапханашысы «Студенттер арасында кітап оқуға қызығушылықты дамыту мәселелері: колледж кітапханасының тәжірибесінен шешімдер» баяндама оқыды.

https://www.instagram.com/p/Ckup7WRs99k/?utm_source=ig_web_copy_link