Студенттер арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында колледж жатақханасында профилактикалық әңгіме өткізілді. Әңгімелесуді полиция майоры М. Б. Қалиев жүргізді.
Әңгімелесу тақырыптары: заңдылықты сақтау, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелері, көшеде жүріс-тұрыс ережелері, темекі шегудің, ішімдік ішудің, қорқытудың алдын алу және студенттер арасында жанжалдардың алдын алу.