


Жұмыспен қамту орталығы бізде
2023 жылғы 16 маусымда Павлодар монтаждау колледжінде басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасарының Д.К.Нурмагамбетованың бастамасымен Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен бітіру топтарымен кездесу ұйымдастырылды. Мамандар: Аубакирова А.Ю. жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің маманы және Бердимурат Е. ізденушілер бөлімінің маманы студенттерге жұмыспен қамту орталығының «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны» және т. б. жобалар туралы айтып берді. Аталған бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі туралы түсініктеме берілді. Студенттердің барлық сұрақтарына қонақтар қуанышпен жауап берді. Мұндай кездесулер түсіндірмелермен жалғасуда.