Жыныстық репродуктивті денсаулық бойынша әңгімелесуді ЖРДҚ дәрігерлері жүргізді.

Ерте жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды алдын алу бойынша ТЖ жоспары аясында акушер-гинеколог Гүлнара Айткелдіқызы Хамитовамен және дәрігер-терапевт, ЖРДҚ филиалының үйлестірушісі Людмила Николаевна Асташкинамен әңгімелесу өтті.

Іс — шараның негізгі мақсаты-жастардың репродуктивті денсаулыққа қатысты маңызды мәселелер туралы хабардарлығын арттыру. Дәрігерлер ерте жүктілікті алдын алу әдістерінің және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды алдын алудың маңыздылығын талқылады. Қатысушыларға қауіпсіз мінез-құлық және қорғаныс құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.