Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Ғалымжан Ибрагимов атындағы «ЕRG ТжКБ Үздік студенті» стипендиясын алуға конкурс өткізілді, онда Павлодар монтаждау колледжінің студенттері қатысты. «ERG ТжКБ үздік студенті» арнайы бағдарламасы мекемесінің бастамашысы Еуразиялық топ болып табылады. Осы бағдарламаның мақсаты: техника және технология,өнеркәсіп,құрылыс, кәсіптік қолөнер салаларында әлеуметтік тану және кәсіби іске асыру мақсатында ерекше жетістіктерге қол жеткізген студенттерді қолдау. Байқау қорытындысы бойынша Богданов Кирилл, Побегай Роман және Шарапов Ілияс үздік студенттердің бірі болып танылды. Марапаттау «Қазақстан алюминийі» АҚ базасында өтті, онда кәсіпорын қызметкерлері балаларды ресми түрде құттықтап, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Құттықтаймыз!!!