

2025 жылғы 26 ақпанда «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-де есірткіге тәуелділік және есірткі қылмысы мәселелеріне арналған іс-шара өтті.
Іс-шара барысында есірткіге қарсы күрес, тәуелділіктен арылу жолдары және есірткі қылмысының алдын алу сияқты маңызды тақырыптар белсенді талқыланды.
Өндірістік оқыту шебері А.Т. Амиртаев ТОРА 26-23 тобының 2- курс студенттерімен бірге аталған іс-шараға қатысты.
Мұндай іс-шаралар жастардың назарын осы мәселеге аударуға көмектесетініне және есірткімен күресудің маңыздылығын түсінуге ықпал ететініне сенімдіміз.