
Географтар Астанада
Ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап Павлодар монтаждау колледжінің география пәнінің оқытушысы А.Ж.Конакова Астана қаласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Аталған курстарға Астанадан, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан16 адамнан тұратын педагогтары қатысады. Курсты өту барысында мұғалімдер білім беру процесін жоспарлау саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіреді, қажетті білім мен дағдыларды алады.