30 қаңтар күні «Павлодар монтаждау колледжінің» 2 курс студенттері ақын және журналист Жасұлан Садықовтың «Бұл менің пікірім» атты поэзия кешіне қатысты. Студенттер ақынның өмірі мен шығармашылығымен және мұражай қорынан Жасұлан Садықовтың шығармашылығына арналған көрмемен танысты. Іс-шараға жазушы, журналист Ю.Д.Поминов, ақын К.В.Лунин және Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшелері қатысты.