




Бүгін арнайы пәндер оқытушысы И. Е. Оспанова 24 ЖОББМ-де қайта кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Оқушылар Мамандық таңдау бойынша пайдалы кеңестер алып, болашақтағы оқу мүмкіндіктері туралы білді.
Орта мектеп оқушылары өздерінің болашақ мансаптарын саналы түрде таңдай алуы маңызды және мұндай кездесулер танымдарын кеңейтуге және күмәндануды жоюға көмектеседі. Оқушыларға құнды білім мен шабыт бергені үшін И.Е. Оспановаға алғыс айтамыз!