Колледждің 1-курс студенттері үшін «Өмір жолы: жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында ойын түріндегі психологиялық тренинг өткізілді. Тренингті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімінің психологы, майор А.А.Гарипжанова жүргізді. Тренинг топтық ойындар форматында өтті. Іс-шара жылы әрі сенімді атмосферада ұйымдастырылды. Кездесудің басты үндеуі: «Сен маңыздысың. Сен жалғыз емессің. Өмір — әрқашан шығатын жолы бар жол».