




2025 жылдың 15 ақпанында Естай атындағы қалалық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына арналған концерт өтті.
Іс-шара аясында Ауғандықтар саябағында салтанатты гүл шоқтары қойылды, шара соңы концертке ұласты. Павлодар монтаждау колледжінің студенттері оқытушылармен бірге осы маңызды шараға қатысты.
Бұл күн ауған жауынгерлерінің батырлықтары мен сол оқиғаларды есте сақтаудың маңыздылығын еске түсірді.