

2025 жылы 3 ақпанда біздің өңірдегі жұмысшы кәсіптерінің өзекті тақырыбына және өңір экономикасының алдында тұрған кадрлық тапшылық проблемаларына арналған маңызды кездесу өтті. «Ертіс» телеарнасының «ОйLike» бағдарламасы аясында өткен талқылауға сарапшылар мен бизнес өкілдері, оның ішінде біздің әлеуметтік серіктестеріміз: «Азия Строй ПВ» ЖШС және «Каустик»АҚ қатысты. Еңбек нарығындағы қарқынды өзгерістер жағдайында жұмысшы кәсіптер көптеген салалардың тұрақты дамуы үшін негіз болып қала береді. Алайда, білікті мамандардың тапшылығы кәсіпорындар үшін елеулі қиындықтар туғызады, бұл өңірдің өсу қарқынына әсер етеді.
Бағдарлама аясында бүгінгі еңбек нарығының өзекті мәселелері және болашақ мамандарды ынталандыру көтерілді. Арнайы пәндер оқытушысы — С.С. Сагадатов, п/о шеберлері: К. О. Богданов, Д. О. Богданов, сондай-ақ колледж басшысының тәжірибе жөніндегі орынбасары Д. К. Нұрмағамбетова сөз сөйледі. Осы маңызды талқылаулар білікті кадрларды даярлаудың негізгі мәселелерін және олардың дәнекерлеу жұмысын, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, техникалық қызмет көрсету және автомобильдер жөндеу сияқты салаларды дамытудағы рөлін көрсетуге көмектеседі.
Біздің колледждің жұмысы және әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл кадр тапшылығы проблемаларын шешуге және өңірдің дамуына үлес қосуға қабілетті мамандарды даярлауға көмектесетініне сенімдіміз. Осындай маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін «ОйLike» бағдарламасына алғыс білдіреміз және біздің қатысуымыз жұмысшы кадрларды даярлауда жаңа тәсілді қалыптастыруға қадам болады деп үміттенеміз.