2025 жылдың 24 ақпанында Павлодар монтаждау колледжінің ҒҚСП 44-21 тобының студенттері «Жастарды қолдау шаралары» тақырыбындағы диалог алаңына белсенді қатысты.
Іс-шараның мақсаты — жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде жастарды қолдауға және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларды әзірлеу және тәжірибе алмасу үшін бірыңғай платформа құру.
Талқылау барысында маңызды тақырыптар қозғалды:
* ✅ Тамақтану сапасы
* ✅ Жолдардың сапасы
* ✅ Медициналық қызметтердің сапасы
* ✅ Еңбекті қорғау жөніндегі комиссия құру және 2025 жылға арналған жоспарлар
Бұл студенттер үшін қоғам мен білім беру жүйесін жақсартуға үлес қосудың тамаша мүмкіндігі.