Бүгін Павлодар монтаж колледжінде «Тура жол» жобасы аясында құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шара барысында шақырылған спикерлер студенттерге өмірдің әртүрлі салаларындағы құқықтық аспектілер, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесудің спикерлері:
• Шүрекеев Қанат Наурузбайұлы – Павлодар қаласы ПБ ОМПС УИП ЮОП өкілі, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін түсіндірді.
• Жұматов Ғазиз Ермекұлы – Павлодар облысы Әділет департаментінің бөлімінің бас маманы, азаматтардың құқықтарын қорғау және әділет органдарының жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.
• Есімханова Әлия Қаратаевна – Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасының өкілі, сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу шаралары туралы айтты.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және мамандардан білікті жауаптар алуға мүмкіндік алды. Кездесу ашық диалог форматында өтті, бұл қатысушыларға талқыланған тақырыптарды тереңірек түсінуге және құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектесті