Бүгін Павлодар монтаждау колледжінде оқу орнында Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тура жол» жобасы аясында құқықтық кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы — білім беру саласындағы буллинг мәселесі болды: оның түрлері, салдары және құқықтық қорғану жолдары ⚖️

Іс-шарада студенттермен келесі мамандар кездесті:
👩‍⚖️ Булатова Биғайша Жансерікқызы — Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты 
👩‍💼 Қабжасарова Лариса Қазтаевна — Павлодар облысы Әділет департаментінің бас маманы 

Спикерлер буллингтің белгілерін қалай тануға болатынын, көмек алу үшін қайда жүгіну керектігін және мұндай жағдайларда қандай әрекет ету қажет екенін жан-жақты түсіндірді