



13–15 мамыр күндері Ақсу қ. Жаяу Мұса ат. Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің базасында «Электромонтаж ERG SKILLS 2025» өңірлік байқауы өтті.
Байқауға Павлодар облысының колледждерінен 13 студент қатысты. Сайыстың ашылу салтанатында «Қазақстан Алюминийі» АҚ директоры Владимир Красноярский сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ жол тіледі.
Павлодар монтаждау колледжінің ЭМ-23 тобының студенті Ризабек Абылайхан байқауда жақсы өнер көрсетіп, 5-орынды иеленді.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!