





ДІ 21-23 тобында ашық аралас сабақ
Бүгін ДІ 21-23 тобында ашық аралас сабақ өткізілді.
Сабақты арнайы пәндер оқытушысы Г.А.Котова және өндірістік оқыту шебері К.О.Богданов өткізді.
Сабақ екі кезеңнен тұрды:
* Теориялық бөлім — оқуту аудиториясында өтті, онда студенттер тақырып бойынша теориялық білімдерін қайталап, бекітті.
* Практикалық бөлім — дәнекерлеу цехында өтті, онда оқушылар алған білімдерін тәжірибеде қолдана алды, дағдыларды пысықтады және тәлімгерлерден ұсыныстар алды.
Сабақтың аралас форматы теориялық білімді практикалық дағдылармен тиімді үйлестіруге мүмкіндік берді, бұл оқу материалын тереңірек түсінуге және білім алушылардың кәсіби қалыптасуына ықпал етті.