

Бүгін «Аталы — сөз, баталы – сөз» тақырыбында бірінші курспен дөңгелек үстел өтті. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыздың маңыздылығын талқылаудың тамаша мүмкіндігі.
Іс — шараның негізгі мақсаты-үлкендеріміздің тәрбиесі мен даналығы жас ұрпақтың мінезі мен дүниетанымын қалыптастыру үшін әрқашан негіз болып қалғанын атап өту. Аға буын мен олардың сөздерін құрметтеу біздің дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді сақтауда маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз.