Колледжіміздің педагог-психологі Т. В. Сенникова № 18 ЖОББМ –нің
ата-аналарына семинар өткізді. Кездесу барысында маңызды тақырыптар талқыланды:
* Оқушылардың ерте кәсіби бағдары
* Балалармен өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар
* Стресстің алдын алу
* Отбасында қолайлы атмосфера құру
Мұндай іс-шаралар ата-аналар, балалар мен мұғалімдер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді, сонымен қатар тәрбие мен оқытуда тиімді шешімдер табуға көмектеседі. Бұл кездесу мектеп пен колледж арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды.