Коронавирустық пандемия кезінде иммунитетті қорғау өте маңызды

Коронавирустық пандемия кезінде иммунитетті қорғау өте маңызды. Сондықтан Павлодар монтаж колледжінде барлық ниет білдірген студенттерге кезең-кезеңімен вакцинация ұйымдастырылды. Бүгін егу науқанына біздің колледждің 12 оқушысы қатысты. Жігіттердің өздері COVID-19 жұқтыру қаупін азайту үшін екпе алғысы келді. ПМПК-ға келген мамандар студенттерге, оның ішінде кәмелетке толмағандарға Pfizer препаратын жеткізді. Барлық оқушылар вакцинаны қалыпты түрде қабылдады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Павлодар монтаж колледжі студенттерінің 80% — ы коронавирусқа қарсы екпе алды. Оқытушылар құрамына келетін болсақ, ол 100% вакцинацияланған.