Павлодар монтаждау колледжінде түлектерді жұмысқа орналастыру маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Студенттер көзіндегі колледждің бейнесі осындай. Практиканың мақсаты – алған теориялық білімдерін бекіту. 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін «Дәнекерлеу ісі» мамандығының 24 3-ші курс студенттері қала құраушы ірі кәсіпорындарда ақылы тәжірибеден өтті: «Аллюминий Казахстана» АҚ, «Болат конструкциялар зауыты» ЖШС, «ПЗМК – «Имсталькон» ЖШС, «ПМФ – «Имсталькон» ЖШС «, ЖШС «Берт». Бүгінгі таңда 14 студент ресми жұмысқа орналасты. Тәжірибе кезінде студенттер 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін төлем алып, студенттерге барлық тиісті жағдай жасалған.